Басты

Түркияда тағы екі жер сілкінісі болды

20 ақпан, Түркияда екі жер сілкінісі болды. Түркияның оңтүстігіндегі Хатай провинциясында жергілікті уақыт 20.00 шамасында магнитудасы 6,4 және 5,8 балл болатын екі жер сілкінісі тіркелген, деп Апат және төтенше жағдайларды басқару агенттігіне (AFAD) сілтеме жасап Turanews.kz хабарлайды.

Маңайдағы Антакья және Самандаг қалаларында қатты сезілген жер сілкінісінің ошағы 16,7 шақырым тереңдікте болған.

Ішкі істер министрі Сүлейман Сойлу Хатай орталығындағы болған жер сілкінісінің кесірінен осы уақытқа дейін 3 адамның қаза тапқанын, 213 адамның жарақат алғаның хабарлады.

Түркияның оңтүстік-шығысында екі жер сілкінісінен кейін бүлінген ғимараттар және қираған үйлер саны қанша екені әзірше белгісіз.

Source
Анадолу агенттігі

TuraNews

Back to top button