Жексенбі күні Түркияда нөсер жаңбыр жауып, күшті жел тұрды. Салдарынан екі адам қаза тапты, деп жазады TuraNews.kz.
Жайсыз ауа райы елдің батыс, оңтүстік және солтүстіктегі өңірлері тұрғындарын әбігерге салды.
Түркияның Төтенше жағдайлар департаменті дүйсенбі күні елдің үштен бір бөлігінде ауа райы қаупінің сары және қызғылт түстерін жариялады.
Күшті желден Анталия аумағында толқындар тулап, көшелерді су басып қалды. Көлік қозғалысы қиындады.
Ең қатты зардап шеккен – Измир қаласы. Онда нөсер жауыннан теңіз арнасынан асты.
Мэрдің айтуынша, қалада мұндай жағдай кейінгі 80 жылда болмаған.
Сонымен қатар, Қара теңіз жағалауында бортында 11 теңізші мінген жүк таситын кеме қайырға тұрып қалды.