Әлем

Түркияда шахта опырылып, жеті адам топырақ астында қалып қойған

Түркияның Зонғұлдак өңіріндегі Эрели ауданында көмір өндіретін шахта опырылды. Оқиға орнында полиция, құтқарушылар және дәрігерлер жұмыс істеп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат TRT Haber агенттігіне сілтеме жасап.

Губернатор Осман Хажыбекташоглу TRT Haber арнасына берген мәліметінде шахтада 280 адам болғанын, оның жетеуі зардап шеккенін мәлімдеді.

Алтауы аман құтқарылды. Үйінді астында қалған бір адам қайтыс болған.

Оларды құтқаруға 75 адам жұмылдырылды.

Кейін анықталғаны — төрт адам жұмыс істеп жатқан жерде шахтаның төбесі опырылып қалған. Опырылған көмір емес. Жарылыс та болмаған. Жай ойық.

Денсаулық сақтау министрі Фахреттин Қожа шахтадағы апаттан зардап шеккен 2 адам және аяғынан жарақат алған бір адам ем алған соң үйіне шыққанын мәлімдеді.

Қалған 3 адамның емі жедел жәрдем бөлмесінде жалғасып жатыр. Олардың жағдайы бірқалыпты.

TRT Haber қаза тапқан және жарақат алған жұмысшылардың есімін жариялады.

TTK Armutçuk кәсіпорнына қарасты шахтада жалпы 7 жұмысшы жапа шеккен. Жұмысшылардың бірі — 45 жастағы Рамазан Йылдырым қайтыс болды.

41 жастағы Кошкун Аталай, 49 жастағы Рифат Өзтүрк, 44 жастағы Ергүн Үстүн, 39 жастағы Ерсін Айдын, 31 жастағы Серджан Хасан және 23 жастағы Талха Йылмаз жараланған.

TuraNews

Back to top button