Түркия Денсаулық сақтау министрлігінің басшысы Фахреттин Кожидің айтуынша, олардың көпшілігі құрбан шалу кезінде жарақаттанған.
«Құрбан айт мерекесінің бірінші күні құрбандық малдарын сою кезінде алған жарақаттарына байланысты медициналық мекемелерге 16 мыңға жуық адам жүгінді», – деп жазды министр.
Ол Анкарада 1274 адам дене жарақатын алғанын, Стамбулда 840 адам, Измирде 416 адам зардап шеккенін айтты.
Жергілікті билік органдарының талаптарына сәйкес құрбандық шалу санитарлық нормаларды сақтай отырып, осы үшін арнайы бөлінген орындарда жүзеге асырылуы тиіс. Алайда Түркияда бұл талаптар жиі бұзылып, жыл сайын Құрбан айт мерекесінде мыңдаған жергілікті тұрғындар жарақат алады.