
«Түркияда шетелдік туристерді тасымалдаған шағын автобус жол апатына ұшырады. Жолаушылардың арасында 4 қазақстандық бар. Қазақстан Республикасы консулының ақпаратына сәйкес, отандастарымыз аман-есен, медициналық көмекті қажет етпейді», — деді ҚР Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров.
Оның айтуынша, қазір туристер қонақүйде.