БастыҚоғам

Түркияда қазақстандық студенттердің құрылтайы өтті

Түркияның Ыстанбұл қаласында Қазақстан студенттерінің құрылтайы өтті, деп хабарлайды TuraNews.kz.

ҚР Сыртқы істер министрлігінің хабарлауынша, шараны Қазақстанның Түркиядағы Елшілігі мен Ыстанбұлдағы Бас консулдығының қолдауымен «Бірлік қазақ жастары» студенттер ұйымы ұйымдастырды.

Құрылтайдың басты мақсаты – Түркияда білім алып жатқан және осы жылы оқуды бастаған жастардың басын қосып, оларға бағдар беру.

«Студенттердің басым көпшілігі Ыстанбұлға жаңадан келіп жатқан жастар болғандықтан Бас консул Н. Аманқұл оларды жаңа оқу жылымен құттықтап, шет елде болу заңдарын қатаң сақтауды ескертті. Сондай-ақ студенттерге консулдық тарапынан әрдайым қолдау көрсетілетіндігін жеткізіп, алдағы уақытқа ортақ іс-шаралар өткізу мәселесі талқыланды», — делінген баспасөз хабарламасында.

Жиынға Қазақстанның Ыстанбұлдағы Бас консулы Нуриддин Аманқұл, қоғам қайраткерлері және қазақ диаспорасының белсенді азаматтары қатысты.

TuraNews

Back to top button