БастыДенсаулықҚоғам

Түркияда Өзбекстан жастары үшін арнайы грант бағдарламасы жолға қойылады

Түркиямен ынтымақтастықтың нығая түсуі нәтижесінде Өзбекстан жастары үшін жаңа мүмкіндіктер есігі ашылуда.

Түркия Республикасының Шетелдегі түріктер және бауырлас қоғамдар Басқармасының басшысы Абдулла Эрен мен Жастар істері агенттігінің директоры, сенатор Алишер Саидуллаев арасында маңызды кездесу өтті, деп жазады ӨзА.

Анеттіктің мәліметінше, кездесуде Өзбекстан мен Түркия арасындағы достық пен ынтымақтастықты нығайту мәселелері талқыланып, жастар саясаты жөнінде сөз қозғалды. Соңғы жылдары екі ел арасындағы ынтымақтастықтың қарқынды дамып, әсіресе жастар саласында айтарлықтай жетістіктерге қол жеткізілгені атап өтілді.

Сонымен қатар, «Ибрат фарзандлари» жобасы аясында түрік тілін жетік меңгерген жастар Түркияға тәжірибе алмасуға жіберілмек. 2025-2026 оқу жылына арналған өзбекстандық жастар үшін арнайы грант бағдарламаларын енгізу бойынша маңызды ұсыныстар айтылды.

 

TuraNews

Back to top button