Басты

Түркияда орман өрті өршіп тұр

Түркияның батысындағы Измир қаласында алапат өрт бұрқ етті.

NTV телеарнасы хабарлағандай, Каршияк аймағы жарықсыз қалған. Өрттің салдарынан қаланы қалың түтін басты.

«Өрт қалалық ауруханаға да жетіп алды», — деп хабарлайды телеарна.

Өрт қатты желдің әсерінен тез тарауда. Оны сөндіру үшін екі ұшақ; бес тікұшақ; жер үсті техникасының көп мөлшері тартылды.

TuraNews

Back to top button