Басты

Түркияда көз жұмған екі қазақстандықтың мәйіті елге жеткізілді

Мирболат Құрмашев пен Әділ Қадырбековтің мәйіті елге жеткізілді. Бұл туралы Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров хабарлады.

ҚР Сыртқы істер министрлігі Антакья қаласында үйдің құлауы салдарынан қаза тапқан Әділ Қадырбеков пен Мейірболат Құрмашевтің туыстары мен жақындарына қайғырып көңіл айтты.

«Сыртқы істер министрлігі қаза тапқандардың денесін отанға жеткізу үшін барынша көмек көрсетеді. Отандастарымыздың денесі 11 ақпанда Анталья-Алматы тұрақты рейсімен Қазақстанға жеткізіледі деп жоспарланып отыр. Барлық шығынды мемлекет өз мойнына алады», — деді Смадияров журналистерге арналған брифингте.

Еске салайық, Түркиядағы зілзала кезінде Қазақстанның үш азаматы жоғалып кеткені хабарланғанбыз. Олардың бірі Сабина Мамадиярова тірі табылды. Тағы екеуі – Әділ Қадырбеков пен Мейірболат Құрмашев көз жұмды. Тағы бір қазақстандық қыз Кахраманмараш қаласында іздестіріліп жатыр.

TuraNews

Back to top button