Басты
Түркияда жер сілкінісінен зардап шеккендердің саны артып келеді
Түркиядағы екі жойқын жер сілкінісінен қаза тапқандар саны 5834-ке жетті, 34 810 адам жарақат алды., деп Анадолу агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды Turanews.kz.
Сонымен қатар, бүгін жергілікті уақытпен түнгі сағат 03:22 Түркияда 4 балдық тағы да жер сілкінісі болды.
Түркияның 10 провинциясы апаттық аймақ деп жарияланып, 3 айға төтенше жағдайлар режимі енгізілді. Бұл туралы ел президенті Режеп Тайип Ердоған мәлімдеді. Айтуынша, бұл әлемдегі ең ірі жойқын апаттың бірі. Бұған дейін Ішкі істер министрлігі зілзаладан кейін аймақта төртінші деңгейлі дабыл берілген.