Әлем
Түркияда жер сілкінісінен қаза тапқандар саны 48 мыңнан асты

6 ақпанда Түркияның Кахраманмараш аймағында болған жойқын зілзаладан мерт болғандар саны 48 мың 448-ге жетті. Бұл туралы Ішкі істер министрі Сүлейман Сойлу мәлімдеді.
Сүлейман Сойлу Орталығы Кахраманмараштағы жер сілкінісінен 48 мың 448 адамның қайтыс болғанын және олардың 6 мың 660-ының шетел азаматы екенін мәлімдеді.
Министр Сойлу үйінділерді тазалау жұмыстарының жалғасып жатқанын айтып, «Мемлекетіміз апат аймағында қажымас қайратпен күресуде» деді.