Әлем
Түркияда жер сілкінісінен қаза тапқандар саны 44 мыңнан асты

6 ақпан күні, Түркияның оңтүстік-шығысындағы 7,7 және 7,6 балдық екі жер сілкінісінен 44 мың 374 адам қаза тапты. Бұл туралы Түркия Апат және төтенше жағдай басқармасы (AFAD) хабарлады, деп жазады Turanews.kz.
Басқарманың мәліметінше, 6 ақпаннан бері аймақта 10 мыңға жуық кейінгі жер дүмпуі болған және қазір 8 мың 182 қызметкер, апат аймақтарында жұмыс жүргізіп жатыр.
Еске салсақ, кеше Түркияның Малатья провинциясында магнитудасы 5,6 болатын жер сілкінісі тіркелген еді. Апаттан 1 адам қаза тауып, 69 адам жарақат алды. Сондай-ақ, қираған үйлер астынан 32 адам құтқарылды.