Басты

Түркияда жер сілкінісінен қаза тапқандар саны 31 мыңнан асты

Түркия Үкіметі жанындағы Табиғи апаттар және төтенше жағдайлармен күрес басқармасының (AFAD) жаңартылған мәліметі бойынша, Түркияның Қахраманмараш аймағындағы жер сілкінісінен зардап шеккендер саны 31 643 адамға жетіп, ал 80 278 адам жарақат алды, деп хабарлайды Turanews.kz Анадолы агенттігіне сілтеме жасап.

Еске салайық, Түркия төтенше жағдайлар басқармасының мәліметі бойынша, 6 ақпан күні сағат 04:17-де магнитудасы 7,7 болатын жер сілкінісі болды. Оның эпицентрі Кахраманмараштың Пазаржык ауданында жердің 7 шақырым тереңдгінде болған. Сағат 13.24-те Кахраманмараштың Эльбистан ауданында тағы 7,6 баллдық жер сілкінісі болып, одан бірқатар елді мекендерде үй мен ғимараттар қираған. Олардың қатарында Хатай, Малатия, Газиантеп Диярбакыр, Адияман бар.

TuraNews

Back to top button