Басты
Түркияда жер сілкінісінен көз жұмғандар саны 21 мыңнан асты

Түркия үкіметі жанындағы апаттар мен төтенше жағдайлар басқармасының (AFAD) соңғы мәліметіне қарағанда, 6 ақпанда эпицентрі Кахраманмараш болған және 10 аймақты қамтыған жер сілкінісінен қаза тапқандар саны 21 мың 848-ге, жаралылар саны 80 мың 104-ке жетті.
Құлаған ғимараттардың үйінділері астында қалған азаматтарды құтқару жұмыстары тоқтаусыз жалғасуда.