Түркияда жер сілкінісінен кейін қирап қалған бүтін бір қала сүріледі
Түркияның Газиантеп провинциясындағы жер сілкінісі салдарынан қатты қираған Нұрдағы қаласы толық сүріледі, деп хабарлайды Turanews.kz DHA агенттігіне сілтеме жасап.
«Біз жойқын апатты бастан өткердік. Біз қала құрылысы министрі Куруммен бірге барлық үйіндіні алып тастаймыз, қаланы толығымен, 100% бұзамыз деп шешім қабылдадық. Қала қайта тұрғызылады.», — деп айтты Губернатордың міндетін атқарушысы, Осман Билгин.
Жергілікті БАҚ мәліметінше, қалада кемінде 40 мың адам өмір сүрген.
Еске салайық, Түркия төтенше жағдайлар басқармасының мәліметі бойынша, 6 ақпан күні сағат 04:17-де магнитудасы 7,7 болатын жер сілкінісі болды. Оның эпицентрі Кахраманмараштың Пазаржык ауданында жердің 7 шақырым тереңдгінде болған. Сағат 13.24-те Кахраманмараштың Эльбистан ауданында тағы 7,6 баллдық жер сілкінісі болып, одан бірқатар елді мекендерде үй мен ғимараттар қираған. Олардың қатарында Хатай, Малатия, Газиантеп Диярбакыр, Адияман бар.