Басты

Түркияда жер сілкінісі кезінде қаза тапқандар саны 29 мың 605-ке жетті

Кахраманмарашта 6 ақпанда болған екі  жер сілкінісінен 29 мың 605 адам қаза тапты, деп хабарлайды Turanews.kz TRT агенттігіне сілтеме жасап.

Вице-президент Фуат Октай Кахраманмараштағы жер сілкінісінен кейін жасалған жұмыстарға байланысты Апат және төтенше жағдайларды басқару басқармасы (AFAD) координация орталығында мәлімдеме жасады.

Аймақта 32 071 іздеу-құтқару тобының бар күшімен жұмысын жалғастырғанын айтқан Октай іздеу-құтқару жұмыстарында K9 иттері мен қолда бар барлық технологияның барынша пайдаланылғанын білдірді.

Жер сілкінісінен зардап шеккендер саны 80 278 деп тіркелді. Қираған ғимарат саны 12 мың 141.

Эвакуация жұмыстарының жалғасып жатқанын білдірген Октай қазір эвакуация орталықтарынан шыққан адам санының 111 мың 500 екенін айтты.

Source
TRT Net

TuraNews

Back to top button