БастыҚоғамСаясат

Түркияда Ислам мемлекетімен байланысы бар деген күдікпен 65 адам ұсталды

Түркия Ішкі істер министрлігінің басшысы лаңкестік әрекеттермен одан әрі күресуге табанды түрде кірісетінін атап өтті.

Түркияның ішкі істер министрі Али Йерликая жұма күні, 23 тамызда елдің 17 провинциясын қамтитын кезекті антитеррорлық операцияның аяқталғанын мәлімдеді.

Министр GÜRZ-9 кодтық атымен аталған операцияның бес күнге созылғанын, құқық қорғау органдарының барлық әрекеттерін Анкарадағы Орталық қауіпсіздік басқармасы үйлестіретінін айтты. Күдіктілер ұсталған провинциялар арасында Ыстанбұл, Анкара, Малатия және Сивас болды.

«Жалпы ДАИШ (Қазақстанда тыйым салынған — ред.) лаңкестік ұйымына қатысы бар деген күдікпен 65 адамға қатысты алдын алу шаралары туралы шешім қабылданады», — деді Йерликая.

Түркия Ішкі істер министрлігінің басшысы лаңкестік әрекеттермен одан әрі күресуге табанды түрде кірісетінін атап өтті.

Бұған дейін Түркияда лаңкестік ұйымға қатысы бар деген 24 күдікті ұсталған болатын.

TuraNews

Back to top button