СаясатТехнология

Түркияда Instagram желісіне кіруге тыйым салынды

Әлеуметтік желі бүгін таңертеңнен бері мобильді құрылғыларда да, компьютерлерде де ашылмай тұр.

Жұма күні таңертең Түркияда технологиялар және коммуникациялар Кеңесінің шешімімен Instagram желісі бұғатталды. Ведомствоның сайтында бұғаттаудың себебі мен ұзақтығы айтылмаған, деп жазады ТАСС агенттігі.

Birgün газеті бұл шешімнің Иранда ХАМАС саяси бюросының басшысы Исмаил Ханияның қазасына байланысты Instagram желісінде толаусыз көңіл айтулардың бұғатталуына байланысты қабылданғанын жоққа шығармайды. 31 шілдеде Түркия президенті әкімшілігінің коммуникациялар бөлімінің басшысы Фахреттин Алтун бұл шешімді сынға алған болатын.

CNBC телеарнасының мәліметі бойынша, технологиялар Кеңесі әлеуметтік желілердің жұмысын шектеу үшін өз өкілеттілігін пайдалануға құқылы, бірақ оның шешімі 24-48 сағат ішінде сот органдарымен бекітілуі керек. Instagram-ға қатысты үкімді Анкара соты 2 тамызда бір күн ішінде шығарады.

Қазіргі уақытта Түркияда танымал ресурс компьютер немесе мобильді құрылғылардан кіру мүмкін емес. Көптеген пайдаланушылар Instagram-ға VPN және басқа балама нұсқалар арқылы кіруге тырысады.

Түркиядк Instagram қолданушыларының саны 50 миллион адамнан асады.

Айта кетейік, 2 тамызда Түркияда ХАМАС саяси бюросының басшысы Исмаил Ханияның қайтыс болуына байланысты Ұлттық аза тұту күнін жарияланды. 31 шілдеде Тегеранда ХАМАС қозғалысы саяси бюросының басшысы Исмаил Хания шабуыл кезінде көз жұмды.

TuraNews

Back to top button