Сарапшылардың айтуынша, Түркияда азық-түлік өнімдері мен алкогольсіз сусындардың бағасы бір жылда 93%, көлік бағасы 117,66% өскен.
Байланыс және білім саласындағы қызмет бір жылда ең аз қымбаттаған, сәйкесінше 30,76% және 36,69%.
Сонымен қатар тұрғын үй нарығында да бағаның үдемелі өсуі байқалды. Ол ай сайын 9,99% өсті. Жылдық есеппен алғанда баға 85% көтерілген.
Түркия Статистика институтының мәліметінше, 4 маусымда елдегі жылдық инфляция 70%-дан асты.