БастыМәдениет

Түркияда «Хан Сұлтан» операсы алғаш рет сахналанбақ

ТҮРКСОЙ-дың қолдауымен Ыстанбұл сахнасына қазақтың алып операсы ХанСұлтан дастаны келеді.

Ыстанбұлда 300 адамнан тұратын үлкен ұжым, керемет костюмдер, ұмытылмас оқиға болмақ. Тарихтың шаңбасқан парақтарынан бүгінгі күнге дейін жеткен Хан Сұлтанның хикаясы 2024 жылдың 15-16 желтоқсанында Ыстанбұл Ататүрік мәдени орталығында ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі, Алматы Абай атындағы опера театрымен бірлесіп өнер сүйер қауыммен кездеседі. 

Түркі тарихының ұмытылмас әйел тұлғаларының эпикалық өмірін әсерлі либреттомен, әсерлі әуенімен сахнаға шығарған «Хан Сұлтан» туындысы Алтын Орданың тағдырын өзгерткен ана туралы. Ақылымен, күшімен, ерік-жігерімен тарихты қалыптастырған батырдың хикаясы. Шығарма Шыңғыс ханның Хорезмді жаулап алуынан басталып, Алтын Орданың құрылуына дейінгі қиын жолды қамтиды.

Алматы операсының шебер әртістері өмірге әкелген бұл эпикалық опера өзінің тамаша сахналық безендірілуімен және эмоционалды әуенімен көрерменге көтеріңкі көңіл-күй сыйлайды. Шыңғысхан, Кучи, Берке сынды тарихымыздың ұлы тұлғаларымен қатар қайратты әйелдерді сахнаға шығарған бұл туынды түркі тарихының қойнауына саяхатқа шақырады.

Бұл тарихи драманың композиторы – Хамит Шанғалиев, либреттосының авторы – ҚР Мемлекеттік әртісі Маралтай Ыбыраев. Операны қойған итальялық режиссер Давиде Ливермор “Италия Жұлдызы” орденінің иегері. Сондай-ақ Ла Скала, Рим опера театры және Турин театрында қызмет атқарған. Операның сахналық суретшісі — Ла Скала және француз театрлары арқылы танылған  Элеонора Перонетти. Жарықтандыру дизайнері, халықаралық танымал режиссер Гаэтано ЛаМела. Балетмейстер – дарынды балет әртісі Әсем Әлдибекова. Костюм дизайнын Айнұр Ерімбетова жасаған, ал дизайнердің көмекшісі Алтын Серікбаева.

Айта кетейік, “Хан Сұлтан” және “Алтын Орда” атты 2 опера қойылмақ. Екі шығармаға барлығы 173 костюм дайындалған.

Сахнада 300 әртістің басын қосатын бұл ұмытылмас қойылымға куә болу үшін төмендегі сілтемелер арқылы билеттеріңізді сатып ала аласыз.

  • Өтетін күні: 15-16 желтоқсан 2024 жыл
  • Уақыты: 20.30
  • Орналасқан жері: Ататүрік мәдени орталығы, Түрік Телеком опера залы

Билеттерді Passo, Biletix және Bubilet веб-сайттарынан алуға болады.

TuraNews

Back to top button