Қоғам

Түркияда ерлер сұлулыққа жұмсаған қаржысымен әйелдерден асып түсті

Түркияда ерлердің сырт келбетіне деген қызығушылығы артып, сұлулық салондарына жұмсалатын қаржы жағынан әйелдерден асып түсті.

Измир шаштараздар қауымдастығының төрағасы Шүкрю Билгин, Түркияда ерлердің сұлулық салондарының қызметтерін белсенді түрде пайдалана бастағанын мәлімдеді, деп жазады TuraNews.kz.

Түркиялық ерлер маникюр, педикюр, қас түзету және тіпті кірпік күтімі сияқты қызметтерге жиі жүгінеді. Оның айтуынша, ерлер шаштараздар мен сұлулық салондарына тұрақты түрде барып, бұрын тек әйелдерге арналған деп есептелген процедураларды да таңдайды.

Билгин кейбір жағдайларда ерлердің бұл процедураларға әйелдерге қарағанда көбірек ақша жұмсайтынын атап өтті. Тіпті, ерлердің өз бетінше кірпік күтіміне кіріскен жағдайлары да кездеседі.

«Қазіргі таңда ерлер сұлулық салондарына әйелдерге қарағанда жиі барады. Соңғы жылдары әйелдерге көптеген жаңа қызметтер ұсынылғанымен, олардың әдеттері өзгерген жоқ, бұрынғыша барады. Ал Түркиядағы ерлер өз сыртқы келбетіне белсенді түрде күтім жасауға кірісті», — дейді шаштараздар қауымдастығының басшысы.

Оның айтуынша, Түркияда қызмет түрлерінің көбеюіне байланысты қарапайым шаштараздарға деген сұраныс бұрынғыдай емес.

Source
egedesonsoz.com

TuraNews

Back to top button