Экономика
Түркияда ең төменгі зейнетақы 15,75 пайызға өсті
Түркия билігі елдегі зейнеткерлердің әл-ауқатын жақсарту және олардың сатып алу қабілетін қолдау үшін 2025 жылдан бастап ең төменгі зейнетақыны көтеру туралы шешім қабылдады.
Түркияда жаңа жылдың басынан бастап ең төменгі зейнетақы алатын 16 миллионнан астам зейнеткердің зейнетақысы өсті, деп жазады Kazinform агенттігі.
Елдің Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Ведат Ишыкхан биыл зейнеткерлер үшін ең төменгі зейнетақы мөлшері 14 469 түрік лирасын (шамамен 202 мың теңге) құрайтынын айтты.
Экономистер зейнетақыны көтеру елдің әлеуметтік саясатындағы маңызды қадам болды, бұл үкіметтің күрделі экономикалық жағдайларға қарамастан халықтың өмір сүру сапасын жақсартуға ұмтылысын көрсететінін айтты.
Еске салайық, 2024 жылдың шілдесінде ең төменгі зейнетақы 10 000 лирадан 12 500 лираға көтерілген болатын.