Түркияның Малатия аймағында бірінен соң бірі екі жер сілкінісі болды, деп жазады Turanews.kz TRT Haber агенттігіне сілтеме жасап.
Апаттар мен төтенше жағдайларды басқару министрлігінің (AFAD) сайтындағы ақпаратқа қарағанда Малатияның Йешилюрт ауданында бүгін, 12 тамыз сағат 16.39-да 4,8 балдық жер сілкінісі тіркелген.
Жерасты дүмпуі болған тереңдік — 6,35 шақырым.
Алғашқы дүмпуден кейін шамамен бір минут өткенде Йешилюрт ауданында жер сілкінісі тағы қайталанды. Бұл жолғы қуаты — 4,5 балл.
Екінші зілзала 7 шақырымдай тереңде болған.