ӘлемБасты

Түркияда бір мезетте бірнеше өңірден өрт шықты

Түркияның бірнеше аймағында дала өрті өршіп тұр. Соңғы мәліметтер бойынша, қызыл жалын 1 500 гектарға жайылған, деп жазады Turanews.kz.

Чанаккале аймағындағы орман өрті 15 сағаттан бері жалғасып жатыр. 9 ауылдан адамдар эвакуацияланды.

Билік өрттің әлі бақылауға алынбағанын және ең нашар сценарийге дайындық жүріп жатқанын айтады.

Түркия үкіметі жанындағы төтенше жағдайлардың алдын алу және зардаптарын жою басқармасының (AFAD) хабарлауынша, өрт сөндіру үшін апат аймағына 68 техника, 10 ұшақ пен 26 тікұшақ жұмылдырылды. Әзірге, зардап шеккендер туралы ақпарат жоқ.

TuraNews

Back to top button