23 сәуірде бауырлас Түркия мемлекеті «Ұлттық Тәуелсіздік және балалар күні» мерекесін және Түркия Ұлы Ұлттық Мәжілісінің (ТҰҰМ) құрылғанына 104 жыл толуын атап өтеді.
1920 жылы 23 сәуір күні Түркия Ұлы Ұлттық Мәжілісі ашылды. Сол сәттен бастап 23 сәуір «Ұлттық Егемендік және балалар мерекесі» ретінде тойлана бастады.
Түркияда балаларға арналған ерекше мереке — 23 Nisan Ulusal Egemenlik ve Çocuk Bayramı. Бауырлас түрік елінің Ұлттық мейрамы болып табылады. Түрік Республикасының бірінші президенті Мустафа Кемаль Ататүрктің өсиеті бойынша бұл күні биліктегі ересектер бір уақытқа өз беделінен бас тарту қажет
Оның қанатты сөзі «Бүгін балалар — ертең ересектер».
Сондай-ақ, Бұл мереке күні мектептердің басты көшелері мен аумақтары гүлдермен, әуе шарларымен безендіріледі және көсемнің портреттері, сондай-ақ түрік жалаулары ілінеді.