Түркияның Эрзинджан қаласындағы алтын кенішінде топырақ көшкіні жүрді, деп хабарлайды Anadolu агенттігі.
Түркия ішкі істер министрлігінің басшысы Али Ерликая кеніш аумағына шахтадан өндіріліп жатқан тау жынысының көшкіні жүргенін айтты.
“Өкінішке қарай, көшкіннен тоғыз қызметкер зардап шекті деген болжам бар”, – деп хабарлады ол.
Оқиға орнына 400 құтқарушы жіберілген.
Ішкі істер министрлігінің ақпараты бойынша жалпы шахтада ауысыммен 667 адам жұмыс істейді.
Әділет министрі Йылмаз Тунч тергеу басталғанын хабарлады.