БастыҚоғам

Түркияда 78 адамның өмірін жалмаған қонақ үйдегі өрттің шығу себебі белгілі болды

Тергеу барысында күдіктілердің мәлімдемесіне сәйкес, өрттің қызған майдың тұтануынан кейін жалынға су шашылған соң шыққаны анықталды.

Болу қаласының прокуратурасы жүргізген тергеу материалдары мен Түркияның Sabah басылымында жарияланған куәгерлердің мәліметтеріне сәйкес, 21 қаңтар күні таңертең қонақүйдегі өрт мейрамхана асханасында тұтанған. Асхана ғимараттың төменгі қабаттарының бірінде орналасқан.

Оқиға таңғы ас әзірлеу кезінде орын алған. Аспаз Файсал Явер мен оның көмекшілері грильді пайдаланған сәтте ыстық май кенеттен лап еткен. Отты қақпақпен жабу немесе арнайы өрт сөндіргіш құралдарын қолданудың орнына, ас үй қызметкерлері сасқалақтап, жалынға су құйған. Бұл әрекет жағдайды одан әрі ушықтырған және жанып жатқан май жан-жаққа шашырап, өрттің ауқымы кеңейе түскен. Желдеткіш құбырлар арқылы тараған жалын әп-сәтте ғимараттың басқа бөліктерін де шарпыған.

Өртті ауыздықтай алмаған ас үй қызметкерлері басқа шара қолданбастан ғимараттан эвакуацияланған.

«Қызметкерлердің майдың тұтануынан болған өртті дұрыс сөндіру бойынша жеткілікті білімінің болмауы – жалынның бүкіл қонақүйді шарпуына және оқиғаның ауыр салдарға әкелуіне басты себеп болды», – делінген хабарламада.

 

 

Via
Zakon.kz

TuraNews

Back to top button