Басты

Түркияда 5,8 магнитудалық жер сілкінісі болды

Жергілікті уақытмен таңғы сағат 02:17-де Мугла провинциясының Мармарис ауданында 5,8 балдық жер сілкінісі тіркелді. Жер асты дүмпуі Мугладан бөлек, Измир, Айдын, Денизли, Маниса және Анталия қатарлы көптеген провинцияда сезілді.

Түркия Ішкі істер министрлігі Төтенше жағдайлар агенттігінің (AFAD) таратқан дерегіне сәйкес, елде кезекті жер сілкінісі тіркелді. Зілзаланың ошағы Мугла провинциясының Мармарис ауданынан 10,43 шақырым қашықтықта орналасқан. Жер асты дүмпуінің тереңдігі – 67,91 шақырымды құрады.

Жер сілкінісі салдарынан Мугла және оның аудандарында жалпы 69 азаматтың зардап шеккені, сондай-ақ Мугланың Фетхие ауданында дүрбелеңге түскен 14 жастағы Афранур Гүнлү есімді жасөспірімнің қаза тапқаны хабарланды.

Түркия Ішкі істер министрі Али Ерликая өзінің X әлеуметтік желісіндегі парақшасында алдын ала мәліметтер бойынша Мугла облысы бойынша тұрғын үйлерде ешқандай қирау болмағанын мәлімдеді.

 

 

TuraNews

Back to top button