Түркияда 52 градус аптап ыстық болды
Түркияда аптап ыстық басылмай тұр. Елдің 4 провинциясында ауа температурасы 40 градустан жоғары көтерілді, деп хабарлайды Turanews.kz TRT Haber агенттігіне сілтеме жасап.
Адана, Мерсин, Хатай және Османиеде 40 градустан асқан ауа температурасы халықтың күнделікті тіршілігіне кәдімгідей кері әсерін тигізіп отыр.
Ауа температурасы 44,4 градусқа жеткен Аданада адам көп жүретін көшелер мен бульварларда тыныштық орнады, саяқ жүрген кісі жоқ.
Көшеге шыққандар ыстықтан қорғану үшін саябақтар мен демалыс орындарындағы шатырларды паналайды.
Кей адамдар қалпақ киіп, қолшатыр алып, аптаптың әсерін азайтуға тырысты.
Мерсинде ылғал 50 пайыздан асты. Ал ауа температурасы 40 градустан жоғары.
Қала ортасындағы жағажайлар мен алаңдарда ешкім жоқ. Жағалауда серуендеушілер ағаштардың көлеңкесіне тығылды.
6 ақпанда Кахраманмарашта болған жер сілкінісінен ең қатты зардап шеккен провинциялардың бірі Хатайда ауа температурасы 43 градустан асты.
Ел күн сәулесінен қорғану үшін көлеңке мен ағаштардың түбін саялап отыр.
Өңірдегі ыстық ауа райы Османиеге де әсер етті.
Қалыпты ауа температурасының өзі 44 градусқа жуықтайтын қалада тұрғындар далаға тек кешкі уақытта шығатын болды.
Күннің әсерінен Аднан Мендерес көшесіндегі термометр 52 градусты көрсетті.