Түркияның орталық бөлігіндегі Конья провинциясында магнитудасы 4,8 балдық жер сілкінісі болды, деп хабарлайды Turanews.kz.
Түркияның Табиғи апаттарды жою жөніндегі басқармасының (AFAD) ақпаратына сәйкес, жер сілкінісі Конья провинциясының Кулу қалашығында жергілікті уақытпен сағат 07:58-те тіркелді.
- Магнитудасы: 4,8 (Мв)
- Орналасқан жері: Кулу (Коня)
- Күні: 29.08.2023 ж
- Уақыты: 07:58:14 CET
- Тереңдігі: 13,57 км