Түркияның Хатай провинциясының Антакья аймағында 4,1 магнитудасымен жер сілкінісі тіркелді, деп хабарлайды TuraNews.kz Анадолу агенттігіне сілтеме жасап.
Апаттар және төтенше жағдайларды басқару агенттігінің (AFAD) сайтында жарияланған ақпаратқа сәйкес тербеліс жергілікті уақыт бойынша сағат 21:24-те болған. Ошағы Антакья аймағында орналасты, тереңдігі – 9,19 шақырым.