Әлем

Түркияда 28 млн жыл бұрын тіршілік еткен мүйізтұмсықтың сүйектері табылды

Анадолы-Түрік палеонтологтары елдің Чанқыры провинциясында үлкен мүйізтұмсықтың сүйектерін тапты, деп хабарлайды Turanews.kz Анадолы агенттігіне сілтеме жасап.

Тасқа айналған жануардың жасы 28 млн жыл деп есептелді.

Түркияның пайдалы қазбаларды зерттеу және барлау институты жанындағы шехид Джума Даг атындағы Табиғи тарих мұражайы Қызылырмак ауданындағы Кемаллы кентінің маңында қазба жұмыстарын 2015 жылдан бастап жүргізіп келеді.

Палеонтологтар осы аймақты зерттеуге 2014 жылы кірісті. Сол жылы жергілікті тұрғын Чорум провинциясының Сунгурлу ауданынан сүйек сынықтарын тауып алған болатын.

Қазіргі уақытта қазба жұмыстары Кемаллы кентінің маңында жүріп жатыр.

Шехид Джума Даг атындағы Табиғи тарих мұражайының омыртқалылар палеонтологиясы тобының басшысы, геология инженері Неше Оял биылғы қазба кезінде сүйек сынықтары түрінде жаңа олжа табылғанын айтты.

Оның айтуынша, аймақтан шамамен 28 млн жыл бұрын тіршілік еткен алып мүйізтұмсық сүйектері табылған.

«Ел аумағынан табылған жер бетіндегі ең ірі сүтқоректі жануар ретінде белгілі алып мүйізтұмсық сүйектері бұл жануардың көші-қон жолдары мен таралу аймақтарын анықтау тұрғысында өте маңызды» дейді геолог.

Оял алып мүйізтұмсық сүйектері бұған дейін негізінен Моңғолия, Қытай, Үнді субконтинентінде және Орталық Азиядан табылғанына назар аударды.

Via
ҚазАқпарат

TuraNews

Back to top button