Мәлім болғандай, Мардин мұражайының қолға алуымен қазба жұмыстары Мардин провинциясының әкімшілік орталығынан 30 шақырым жерде 38 жыл бұрын басталған.
Қазіргі кезде археологиялық қазба жұмыстары көне қаланың агорасында (сауда алаңы) жүргізіліп жатыр.
«Шығыс Рим империясы Дара қаласын сасанидтер шапқыншылығынан қорғану мақсатында салған. Агорада Рим дәуіріндегі каналмен бірге, сондай-ақ 10 сауда орны анықталды. Кезінде ауданға ауыз су жіберілген каналға шамамен екі тонна тас үйілген. Археологтар каналдың 30 метрлік бөлігін тапты», — деп жазады Анадолы.
Мардин мұражайының директоры және қазба жұмыстарының жетекшісі Абдулғани Таркан Анадолы агенттігіне берген сұхбатында өз командасы 507 жылы император Анастасиос негізін қалаған Дара қаласының маңызды сәулет ескерткіштеріне қол жеткізгенін айтқан.
«Дарада Ыстанбұлдағы Базилик цистернасына ұқсас су цистерналары бар. Қалаға су цистернадан каналдар жүйесі мен цемент құбырлар арқылы келеді. Бұл – қаланың ауыз суға қажеттілігін өтеу үшін 1500 жыл бұрын салынған су құбыры», — деп түсіндірді ол.