БастыМәдениет

Түркия зертханалары түркі елдерінің археологтарына таныстырылды

Түркі елдері археологтарынан құралған делегациялар Хаджеттепе университетінің антропология зертханасында болды.

Халықаралық Түркі академиясы жанынан құрылған Түркі әлемінің археологиялық зерттеу институттары мен орталықтары қауымдастығының (ARICA) екінші отырысы қарсаңында түркі елдерінің жетекші археологтары археология мен антропология саласындағы заманауи ғылыми-техникалық жетістіктермен танысу үшін Анкарада бас қосты.

Кездесуге Түркі академиясының президенті Шахин Мұстафаев, Хаджеттепе университетінің ректоры Мехмет Джахит Гюран, Түрік тарих қоғамының президенті Юксель Өзген, Ататүрік тұсындағы Мәдениет, тіл және тарих Жоғарғы кеңесінің төрағасы Дерья Эрс, сондай-ақ Қазақстан, Қырғызстан, Түркия, Әзербайжан, Венгрия, Моңғолия елдерінің жетекші археологтары мен ғалымдары қатысты.

Белгілі болғандай, бұл кездесу 2023 жылы Самарқандта өткен ARICA-ның құрылтай жиналысында Халықаралық Түркі академиясы көтерген бастаманың жалғасы болды. Ол кезде түркі елдерінде заманауи зертханалық қондырғылардың жоқтығына назар аударылды, сол себепті археологиялық олжалар Түркі мемлекеттері ұйымына (АТС) мүше мемлекеттерден тыс жерлерге талдауға жиі жіберіледі.

— Біз ғылыми инфрақұрылымымызды нығайтып, әлемдік деңгейдегі зерттеулерді өз елдерімізде жүргізуіміз керек. Бұл тек ғылым емес, мәдени егемендік мәселесі. Бүгінде ғалымдарымыз жәдігерлерді тауып қана қоймай, мыңдаған жылдар бұрын өмір сүрген адамдардың бейнелерін жаңғыртуда, — деді Түркі академиясының президенті Шахин Мұстафаев.

Сондай-ақ ол түркі археологиясы саласындағы ортақ ғылыми және ақпараттық кеңістікті қалыптастыру алаңы ретінде ARICA құрудың маңыздылығын атап өтті. Бұл ұйым ғалымдардың ортақ ғылыми тілде кәсіби пікір алмасуына және түркі халықтарының ортақ тарихының жаңа беттерін бірлесіп ашуға ықпал етеді.

Бүгінде Түркі академиясы мен Хаджеттепе университеті арасындағы ынтымақтастық ғылыми негізде табысты дамып келеді. Мәселен, 2024 жылы Маңғыстау өңірінде жүргізілген археологиялық қазба жұмыстары кезінде табылған жәдігерлер университеттің археологиялық және антропологиялық зерттеулерге жіберілді.

 

 

Source
Kazinform

TuraNews

Back to top button