Әлем
Түркия үкіметі Семей орманшыларының қазасына көңіл айтты
Түркия Сыртқы істер министрлігі Қазақстанның Абай облысындағы өртте адамдардың қаза болуына байланысты көңіл айтты, деп хабарлайды Turanews.kz ақпараттық порталы Анадолыға сілтеме жасап.
«Абай облысында 14 орманшының қазасы туралы хабарды зор күйзеліспен қабылдадық. Қазақстанның дос әрі бауырлас халқына және үкіметіне көңіл айтамыз», — делінген ведомствоның Twitter-аккаунтында.
Еске салайық, «Семей» орманы резерватында өрт 8 маусым күні шыққан болатын.
Абай облысы әкімінің орынбасары Димитрий Гариковтың айтуынша, өрт 2 рет түскен найзағайдан тұтанған.
Тілсіз жауды ауыздықтауға жұмылдырылған 14 орманшы қаза болды. Барлығы мемлекеттік наградаға ұсынылды.
12 маусым Семей орманындағы алапат өрттен қаза болғандарды аза тұту күні болып жарияланды.