Туризм

Түркия туристерге салық салуды бастады

2 қаңтардан бастап Түркияда туристердің тұруына салық салынады.

2023 жылғы 1 қаңтардан бастап Түркияда туристер үшін жаңа салық күшіне енді, деп хабарлайды Turanews.kz

Бұрын хабарлағандай, Турист салығының мөдшері 2% құрайды.

Қонақ үйлер мен демалыс орындарында, басқа орналастыру орындарында тұруды қоса алғанда барлық қызмет үшін ақы алынады. Алым қалай шығарылып, қалай алынатыны әлі нақтыланған жоқ.

Дегенмен, жаңа салық туристерге тікелей әсер етпеуі мүмкін деп сарапшалыр болжануда – өйткені салықты қонақүйлер өздері төлейді. Ал осымен қатар сарапшылар, Тұркиядағы қонақүйлерінде демалу құны міндетті түрде өседі деп отыр.

Пакеттік турмен саяхаттайтын туристер үшін салық тур құнына қосылады деп болжанып отыр.

Соған қарамастан жатақханада, хостел мен лагерьде тұратын студенттер бұл салықтан босатылады. Сондай-ақ, шетелдік мемлекеттердің дипломатиялық қызметкерлері бұл салықты төлемейді.

РИА Новости мәліметінше, қазірдің өзінде әртүрлі сайттар мен агрегатор-қосымшаларда туристер түркиялық қонақүйлерді брондау кезінде жаңа салықтың мөлшері көрсетілген.

 

TuraNews

Back to top button