Түркия тұңғыш ғарышкерін бүгін ұшырады
Түркия ғылыми тәжірибелер жасау үшін 2024 жылы Халықаралық ғарыш станциясына (ХҒС) алғашқы ғарышкерін бүгін жібереді.

Түркия ғылыми тәжірибелер жасау үшін 2024 жылы алғашқы ғарышкерін бүгін АҚШ-тың Флорида штатындағы космодромнан жібереді (Астана уақытымен ертең 04:11-де). Бұл туралы Түркияның Өнеркәсіп және технология министрлігі хабарлады.
«Түркияның тұңғыш ғарышкері Альпер Гезеравжы 2024 жылдың 17 қаңтарында ХҒС-та ғарышқа аттанады. Бұл миссия Түркияның ғылыми-техникалық әлеуетін көрсету тұрғысынан үлкен маңызға ие. Альпер Гезеравжы мен бірге ғарыштық миссияға Италия, Испания және Швециядан 3 ғарышкер қатысады», — денілген хабарламада.

Екі апталық миссия барысында Гезеравчы Халықаралық ғарыш станциясында бірқатар ғылыми тәжірибелерге қатысады.
Сондай-ақ, ол ғарышта түріктің туын көтеретін болады.
«Бұл тарихи миссия болашақ ұрпаққа үлгі және Түркияның ғарышты зерттеу саласындағы жетістіктерінің маңызды кезеңі болады», — деді Түркияның Өнеркәсіп және технология министрі Мехмет Фатих Качир.