БастыҚоғамМәдениет

Түркия Табылды әнімен тербелді

Халықаралық ТҮРКСОЙ түркі мәдениеті ұйымы мен Табылды Досымов Республикалық қорының ұйымдастыруымен Анкарадағы Сурет және ескерткіш музейін Түрік ожаклары сахнасында "Сәйгүлік" атты ән кеші өтті.

Қазақтан шыққан тұңғыш бард ақынның 60 жылдық мерейтойына арналған шараға Табылды қорының басшысы Бижан Қалмағанбетов, Ғ. Жұбанова атындағы Ақтөбе облыстық филармониясының Бас редакторы, ҚР Мәдениет саласының үздігі Орал Бәйсеңгір, «Qazaqstan» ҰТА өндірістік орталықтың дыбыс режиссерлар бөлімінің дыбыс режиссері, Табылдының ұлы Абыл Аяш,

ҚР Ұлттық ұлан оркестрінің солисі, Республикалық ән байқаулардың лауреаты Асхат Әмірғали, «Qazaqstan» ҰТА таңғы-ақпараттық бағдарламалар дирекциясының продюсері, журналист Тәуірбек Бозекенов қатысты. Табылдының сурет көрмесімен басталған шараның ашылуына сөз алған ұйымның басқарма басшысы Санжар Мүләзімоғлу өнерпаздарға сәттілік тілеп, алғыс айтты. Кеште бард ақынның «Сәйгүлік», Ұнатамын мен сені», «Мен қазақпын» сынды 20-дан астам әні шырқалды. Шара соңында қатысушылар ТҮРКСОЙ алғыс хаттарымен марапатталды. Сондай-ақ

Бижан Қалмағанбетов пен кешке арнайы Қазақстаннан келіп, қолдау көрсеткен

Атырау облыстық мәслихатының депутаты Қайырбек Баймұратовқа ТҮРКСОЙ Бас хатшысы Сұлтан Раевтың атынан түркі мәдениетіне сіңірген еңбегі үшін ТҮРКСОЙ медалін ұйымның басқарма басшылары Санжар Мүлазымоғлу мен Мелик Өзсөз табыс етті.

 

TuraNews

Back to top button