Саясат

Хакан Фиданның Сирияға жасаған сапары: бұл үмітке толы кезеңнің бастамасы болмақ

Түркия Сирияда қауіпсіз, еркін және гүлденген елдің құрылуына үлес қосуға дайын, бұл аймақтық тұрақтылықты нығайтуға ықпал етеді – Түркия Сыртқы істер министрі

Бұл туралы Түркияның сыртқы істер министрі Хакан Фидан Дамаскіде жаңа сириялық әкімшіліктің басшысымен кездесуінде мәлімдеді, деп хабарлайды TuraNews.kz. 

Министрдің айтуынша, Сирия тұрақтылыққа қол жеткізіп, терроризм қаупін түбегейлі жойып, экономикасын нығайтуы және сириялық босқындардың елге қайта оралуына қолайлы жағдай жасауы қажет. Бұл мақсатқа жету үшін елдің аумақтық тұтастығын қалпына келтіріп, Күрдістан жұмысшы партиясының қарулы топтарын және басқа да радикалды ұйымдарды жою маңызды. Сондай-ақ, Сирияда әртүрлі діни және этникалық топтардың мүдделерін қамтитын инклюзивті басқару жүйесін қалыптастыру қажет.

Хакан Фидан Түркияның бұл мәселелерде барынша көмек көрсетуге дайын екенін атап өтті.

«Сирия өз күшімен еңсесін тіктеуі тиіс. Түркия мемлекеттік институттарды қайта қалыпқа келтіру ісінде өз тәжірибесін бөлісуге әзір. Бұл мақсатта біз мемлекеттік органдарымызды және жеке сектор компанияларын жұмылдыруға дайынбыз. Елге салынған санкцияларды алып тастау – тұрақтылық пен қауіпсіздікті қамтамасыз етудің негізгі қадамы, – деп мәлімдеді Түркияның сыртқы істер министрі.

Фидан Түркия халқы мен мемлекеті, сондай-ақ Президент Режеп Тайип Ердоғанның басшылығымен сириялық бауырларына әрдайым қолдау көрсетіп келе жатқанын ерекше атап өтті. Ол Сирия халқына жан-жақты көмек көрсетуге дайын екендерін және олардың барлық қажеттіліктеріне жауап беретін әртүрлі бағыттарда көмек көрсетуге дайын екенін айтты.

«Сирия үшін басты басымдық – елде тұрақтылық пен қауіпсіздіктің орнауы, терроризмнің жойылуы, ұлттық келісімге қол жеткізу, экономикалық даму мен көптеген жылдар бойы елдерінен тыс қалған сириялықтардың өз отандарына оралуына мүмкіндік беретін жағдайлардың қалыптасуы» деп атап өтті.

 

TuraNews

Back to top button