Швеция Түркияның Кедендік одақты жаңарту және визаларды либерализациялауды қосқанда Еуропалық Одаққа (ЕО) мүшелік процесіне белсенді түрде қолдау көрсетеді, деп жазады Turanews.kz.
Президент Режеп Тайып Ердоған кеше Литваның астанасы Вильнюстегі НАТО саммитінде Швеция премьер-министрі Ульф Кристерссон және НАТО бас хатшысы Йенс Столтенбергпен бас қосты.
Түркия, Швеция және НАТО арасындағы үш жақты кездесуден кейін жасалған жазбаша мәлімдемеде Түркия Швецияның НАТО-ға қосылу хаттамаларын Түркия Ұлы Ұлттық Мәжілісіне жіберетіні және Швецияның Түркияның ЕО мүшелік процесіне қолдау беретіні айтылды.
Түркия мен Швеция 2022 жылғы Мадрид НАТО саммитінде құрылған Тұрақты үш жақты бірлескен механизм және жылына бір рет министрлер деңгейінде бас қосатын жаңа екі жақты қауіпсіздік механизмі аясында ынтымақтастықты жалғастыруға келісті.
Мәлімдемеде «Қауіпсіздік комитетінің бірінші отырысында Швеция Үштік меморандумның барлық элементтерін, соның ішінде 4-бапты да қосқанда терроризммен оның барлық нысандары мен көріністерімен күресудің негізі ретінде толық жүзеге асырудың жол картасын ұсынады. Швеция YPG/PYD және Түркияда ФЕТО ретінде анықталған ұйымдарды қолдау бермейтінін білдіреді. Түркия мен Швецияның лаңкестікпен күрестегі ынтымақтастығы Швеция НАТО-ға мүше болғаннан кейін де жалғасатына уәде береді» деп айтылған.