ӘлемБасты

Түркия Республикасы 100 жылдығын атап өтуде

Ертең 29 қазан күні Түркия Республикасының құрылғанына 100 жыл толады.

Бұл бауырлас мемлекет үшін тарихи белес.

Түркия Республикасы 1923 жылы 29 қазан күні жарияланды. Османлы империясының 1-ші дүниежүзілік соғыстан жеңіліп шығуымен мемлекет топырағының жеңіске жеткен елдер тарапынан талан-таражға ұшырауы үлкен қайғыға себеп болды. Кувай-ы Миллийе / Ұлттық топтар ретінде ұйымдасқан және Мұстафа Кемал Ататүрік басшылығында біріккен Ұлттық күштер Ұлт азаттық соғысты бастады. Тұрғын санының көпшілігі түрік болған аймақтар «түрік шекарасы болып сақталу керек» деген оймен басталған ұлттық күрес нәтижесінде 1922 жылдың 30 тамыз күні «Бас қолбасшылық» деп аталған Майдан соғысында жеңіске жетіп, басқыншы күштер қазіргі Түркия шекарасынан шығарылды. Бейбітшілік келіссөздерімен басқыншылық астындағы Стамбул құтқарылғаннан кейін жүзеге асқан Лозанна келісімімен Османлы мемлекеті тарих сахнасынан өшіп, жаңа Түркия Республикасы тарихтағы орнын алды. 1923 жылы 29 қазан күніне дейін жалғасқан келіссөздердің артынан Республика жарияланды және Анкараның ел астанасы екені барлық әлемге жарияланды. 

Жаңа түрік мемлекеті бүкіл әлемге жарияланғаннан кейін Мұстафа Кемал жылдар бұрын жоспарлаған басқа да қадамдар бірінен соң бірі жүзеге асты. Тек киім саласында ғана емес, білім, құқық, мәдениет, экономика, әйелдерге саяси құқықтар беру сияқты қоғамдық өмірдің барлық салаларында көптеген реформа жасалып, латын әліпбиі қабылданды. Осылайша Түркия Республикасы Мұстафа Кемал Ататүрік мақсат еткен зайырлы, заманауи және демократиялық мемлекет ретінде әлем елдері арасында өз орнын алды.

Осы айтулы мерекеге орай Түркияда бірқатар көрмелер үйымдастырылып, шаралар өткізіледі:

Шараның атауы «Түркия ғасыры: өткеннен болашаққа» көрмесі– ЫСТАНБҰЛ
Өтетін орны Таксим алаңы (АКМ алдында)
Басталу уақыты 10.00
Аяқталу уақыты 24.00
Өтетін мерзімі 26 қазан — 08 қараша 2023 ж
Шараның атауы «Түркия Республикасының 100 жылдығы / Режеп Тайып Ердоған арнайы» көрмесі — ЫСТАНБҰЛ
Өтетін орны Үскүдар алаңы
Басталу уақыты 10.00
Аяқталу уақыты 24.00
Өтетін мерзімі 26 қазан — 08 қараша 2023 ж
Шараның атауы Түркия ғасырының инсталляциясы — ЫСТАНБҰЛ
Өтетін орны Таксим алаңы (Гези саябағы)
Басталу уақыты 10.00
Аяқталу уақыты 24.00
Өтетін мерзімі 26 қазан — 08 қараша 2023 ж
Шараның атауы Түркия ғасыры монолиті — ЫСТАНБҰЛ
Өтетін орны Бакыркөй Өзгүрлүк алаңы
Басталу уақыты 10.00
Аяқталу уақыты 24.00
Өтетін мерзімі 26 қазан — 01 қараша 2023 ж
Шараның атауы Түркия ғасыры монолиті — АНКАРА
Өтетін орны Қызылай алаңы
Басталу уақыты 10.00
Аяқталу уақыты 24.00
Өтетін мерзімі 26 қазан — 01 қараша 2023 ж
Шараның атауы Түркия ғасыры монолиті — ИЗМИР
Өтетін орны Қонақ  алаңы
Басталу уақыты 10.00
Аяқталу уақыты 24.00
Өтетін мерзімі 26 қазан — 01 қараша 2023 ж
Шараның атауы Дрон және от шашу шоулары — ЫСТАНБҰЛ
Өтетін орны 15 Теммуз Шейіттер көпірі
Басталу уақыты 21.00
Аяқталу уақыты 23.00
Өтетін мерзімі 29 қазан 2023 ж
Шараның атауы Республиканың 100 жылдығына арнайы босфорды аралайтын қалқымалы пирс  — ЫСТАНБҰЛ
Өтетін орны 26 ​​қазаны, Кадыкөй алаңы Турёл пирсті
27 қазан 2023 Ортакөй пирсті
28 қазан 2023 Бейлербейи пирсті
29 қазан 2023 жыл Үскүдар пирсті
30 қазан 2023 жыл Бейлербей пирсті
31 қазан2023 Galataport пирсті
01 қараша 2023 Эмирган пирс
Басталу уақыты 10.00
Аяқталу уақыты 24.00
Өтетін мерзімі 26 қазан — 01 қараша 2023 ж

TuraNews

Back to top button