БастыСпорт

Түркия құрамасы Аустриямен ойнайды

Бүгін түнгі сағат 00.00-де Түркия мен Аустрия кездесуі басталады. Ойын Лейпциг қаласындағы «Ред Булл-Арена - Центральштадион» стадионында өтеді.

Футболдан 2024 жылғы Еуропа чемпионатында бүгін, 2 шілдеде 1/8 финалда соңғы екі ойын өткізіледі.

Осы жылдың наурыз айында Австрияның Түркияны жеңген ірі жеңісіне (6:1) ешкім назар аудармаса да, бұл турнирде Ральф Рангниктің командасын байқамау мүмкін емес. Франциядан минималды жеңіліске ұшыраған австриялықтар Польшаны жеңіп, Голландия құрамасын ұтты. Нәтижесінде Австрия D тобында бірінші орын алды.

Ал Түркия құрамасы болса, Винченцо Монтелла шәкірттері Грузия мен Чехия құрамаларына қарсы сәтті ойнап, соңғы матчта қосымша уақытта Дженк Тосунның голының арқасында жеңіске жетті. «Наурызда өткен жолдастық кездесуде Австриядан ауыр жеңіліске ұшырадық. Бұл жолы біз жеңіске жетеміз деп толық сенемін»,- деп айтты Дженк Тосун.

Екі құрама футболшыларының тізімі:

Австрия: Пенц; Пош, Дансо, Линхарт, Мвене; Сейвальд, Гриллич; Леймер, Баумгартнер Сабитцер; Грегорич.
Дисквалификация: Виммер
Алдынғы матчтарда сары қағаз (ескерту) алған ойыншылар: Арнаутович, Баумгартнер, Дансо, Лаймер, Мвене, Пош, Кверфельд, Вебер

Түркия: Мерт Гүнок; Мерт Мулдур, Мерих Демирал, Абдулкерим Бардакчи, Ферди Кадыоғлу; Исмаил Юксек, Каан Айхан; Кенан Йылдыз, Арда Гүлер, Барыш Алпер Йылмаз, Дженк Тосун
Дисквалификация: Хакан Чалханоглу, Самет Акайдын
Алдынғы матчтарда сары қағаз (ескерту) алған ойыншылар: Каан Айхан, Угурджан Чакыр, Зеки Челик, Арда Гүлер, Мерт Гюнок, Оркун Кекчу, Мерт Мулдур, Салих Эзджан, Кенан Йылдыз, Исмаил Юксек

TuraNews

Back to top button