БастыСаясатЭкономика

Түркия Президенті Режеп Тайып Ердоған Қазақстанға келеді

Түркия  Президенті Режеп Тайып Ердоған Түркі Мемлекеттері Ұйымының 10-шы саммитіне қатысу үшін Қазақстанға аттанды, деп хабарлайды TuraNews.kz.

Түркия Президенті аппаратының Коммуникация басқармасынан жасалған мәлімдемеге қарағанда Ердоған 2-3 қараша күндері Қазақстанның бас қаласы Астанада «Түрік дәуірі» тақырыбымен өтетін саммитке қатысады.

Ұйымның кезекті төрағалығы Өзбекстаннан Қазақстанға өтетін саммитте басшылар ұйым құрамында ынтымақтастықты одан әрі арттыруға бағытталған күш-жігерді талқылайды.

Басшылар 3 қараша күні өзекті жаһандық және аймақтық мәселелер бойынша пікір алмасатын отырыста қатысушыларға үн қататын президент Ердоғанның басшылармен де өзара кездесуі жоспарлануда.

Source
TRT

TuraNews

Back to top button