ӘлемСаясат

Түркия президенті ізгі ниет декларациясына қол қойды

Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған Нью-Йоркте өтіп жатқан Біріккен Ұлттар Ұйымының (БҰҰ) 78-ші Бас ассамблеясында жұбайы Эмине Ердоған бастаған «Қалдықсыз әлем үшін ізгі ниет» декларациясына қол қойды, деп жазады Turanews.kz.

Эмине Ердоғанның жетекшілігімен «Түрік үйі» гираматында «Жаһандық қалдықсыздық қозғалысына қарай» шарасы аясында қол қою рәсімі өтті.

Түркия лидері Ердоған жобаның рәсми сайтындағы аталмыш декларацияға бірінші болып қол қойды.

Ізгі ниет декларациясына қатысты мәлімдемесінде адамзаттың болашағы үшін маңызды белгі қалдырғандарын айтқан Президент Ердоған: «Қалдықсыз әлем үшін ізгі ниет декларациясына қол қою арқылы біз таза, жасыл және өмір сүруге қолайлы әлем үшін ұстанымымызды көрсеттік», деді.

Айта кетейік, 2017 жылы Эмине Ердоған бастаған қалдықсыздық қозғалысы әлемдік брендке айналып, 30-шы наурыз күні Түркиямен бірге 105 елде «Халықаралық қалдықсыздық күні» болып жарияланған.

TuraNews

Back to top button