ӘлемСаясатЭкономика

Түркия Президенті Ердоған Ресейге ұшып барды

Түркия Президенті Режеп Тайып Ердоған бүгін Сочиде Ресей Президенті Владимир Путинмен кездеседі, деп жазады Turanews.kz TRT-ге сілтеме жасап.

Түркия Президентінің аппараты жанындағы Коммуникация басқармасынан жасалған мәлімдемеге қарағанда Ердоған Путиннің шақыруымен Сочиге бір күндік жұмыс сапарымен барады.

Ердоғанның Ресей Президенті Владимир Путинмен кездесуінде Түркия-Ресей екіжақты қарым-қатынастары барлық қырларымен қарастырылып, өзекті жаһандық және аймақтық мәселелер бойынша пікір алмасады.

Ердоған мен Путиннің кездесуіндегі ең маңызды күн тәртібі 17 шілдеде Ресейдің бас тартқан Қаратеңіз астық дәлізі келісімі болады. Екі лидер келісімді қалпына келтіру үшін қандай қадамдар жасалуы мүмкін екендігі жөнінде пікір алмасады.

TuraNews

Back to top button