СаясатЭкономика

Түркия Президенті Ердоған Өзбекстанға аттанады

Түркия Президенті Режеп Тайып Ердоған бүгін Өзбекстанға аттанады.

Түркия Президенті 8-9 қараша күндері Өзбекстанның астанасы Ташкентте өтетін Экономикалық ынтымақтастық ұйымы (ЭЫҰ) саммитіне қатысады.

Биыл 16-шы рет ұйымдастырылып отырған саммит екі күнге созылады. Ердоған саммит аясында делегациялар арасындағы кездесулермен қатар басшылармен де кездеседі.

Израильдің 7 қазаннан бері Палестинаға үздіксіз шабуылдарын тоқтатуы және Палестинаға тез арада гуманитарлық көмек жеткізу саммитте талқыланатын мәселелердің қатарында.

Саммитте мүше елдер арасындағы сауда, экономикалық және мәдени ынтымақтастықты дамыту үшін қадамдар жасалады.

Аймақтық мәселелер де талқыланатын саммитте аймақ пен Түркия арасында тікелей құрлық байланысын құратын Зенгезур дәлізінің соңғы кезеңі де қолға алынады.

TuraNews

Back to top button