Әлем
Түркия парламенті Финляндияның НАТО-ға кіруі туралы хаттаманы мақұлдады
Дауыс беру бейсенбі күні парламенттің жалпы отырысында өтті.
Түркия парламенті Финляндияның НАТО ұйымына кіруі туралы хаттаманы ратификациялау туралы заң жобасын мақұлдады, деп хабарлайды Turanews.kz.
Дауыс беру бейсенбі күні, парламенттін Бас Ассамблеясының отырысы барысында өтті. Ал Венгрия бұл процесті кейінге қалдырды, бірақ 27 наурызда тиісті заң жобасын мақұлдады. Енді ұйымның барлық мүшелері Финляндияның кандидатурасын мақұлдады.
Осылайша, Финляндия альянсқа кіру үшін толық заңды негізге ие болды.
Түркия осы уақытқа дейін Хельсинкидің альянсқа қосылу туралы өтінішін мақұлдамаған НАТО-ның соңғы мүшесі болған еді.