ӘлемБасты

Түркия мен Венгрия табиғи газ экспорттау туралы келісім жасады

Құбыр желісі  арқылы мұнай тасымалдау акционерлік қоғамы тарапынан жасалған мәлімдемеде Түркияның энергетика саласында стратегиялық мақсаттарына және табиғи газ бойынша  орталық ел болу жоспары аясында Құбыр желісі  арқылы мұнай тасымалдау акционерлік қоғамы мен Венгрияның мемлекеттік компаниясы «MVM CEEnergy» арасында табиғи газ экспорттау туралы тарихи келісімге қол қойылғаны хабарланды.

Мәлімдемеде Энергетика және табиғи ресурстар министрі Алпарслан Байрактар мен Венгрия Энергетика министрлігінің орынбасары және «MVM CEEnergy» төрағасы Габор Чепек, Құбыр желісі  арқылы мұнай тасымалдау акционерлік қоғамы бас директоры Бурхан Өзжан мен  «MVM CEEnergy» басқару алқасы аға менеджері Ласло Фричтың кеше Венгрияда өткен тарихи келісімге  қол қойғаны хабарланды.

Мәлімдемеде Түркиядан Венгрияға табиғи газ жөнелтілімдерінің келесі жылдан бастап басталуы күтілетіні және келісімнің Түркияның «СТГ» инфрақұрылымы мен екі елдің табиғи газ қоймаларын ортақ мүдделері аясында пайдалану жөніндегі ынтымақтастықты қамтитыны атап өтілді.

Source
TRT Net

TuraNews

Back to top button