БастыСаясатЭкономика

Түркия мен Қазақстан болашақта инвестиция көлемін ұлғайтуға мүдделі – Мұрат Нұртілеу

Қазақстанда Түркия капиталымен 4,3 мың компания жемісті жұмыс атқарып келеді. Мұны Астанаға ресми сапармен келген Түркияның Сыртқы істер министрі Хакан Фиданмен кездескен ҚР Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу мәлім етті, деп жазады Turanews.kz.

«Орта және шағын кәсіпкерлер құрған кәсіпорындар бойынша да елеулі нәтижеге қол жеткіздік. Түркияның капиталымен елімізде 4 300-ден астам компания жемісті жұмыс атқаруда. Осы уақытқа дейін Түркия Қазақстан экономикасына 4,7 млрд доллар көлемінде тікелей инвестиция құйып, ең ірі инвесторлардың ондығына кірді. Бүгінгі таңда 31 инвестициялық жоба жүзеге асырылуда, оған қоса 50 жаңа жоба пысықталып жатыр. Биыл бұл үрдіс жалғасып, бірінші тоқсанның қорытындысы бойынша елімізге келген түрік капиталы 112 млн долларды құрады», — деді Мұрат Нұртілеу.

Министрдің мәлімдеуінше, Түркия мен Қазақстан болашақта инвестиция көлемін ұлғайтуға мүдделі.

Сурет: Orda.kz

TuraNews

Back to top button