Түркия мен Қазақстан арасындағы мәдени және экономикалық байланыс нығаюда
Екі мемлекет арасындағы қарым-қатынас ресми түрде 1991 жылы Қазақстан тәуелсіздік алғаннан кейін орнатылды. Түркия - еліміздің тәуелсіздігін мойындаған алғашқы елдердің бірі.
Түркия мен Қазақстан халықаралық ұйымдарда, атап айтқанда БҰҰ, Ислам ынтымақтастығы ұйымы, және Түркі мемлекеттері ұйымы сияқты платформаларда тығыз ынтымақтастықта жұмыс істейді. Олар екіжақты және аймақтық қауіпсіздік, саяси тұрақтылық мәселелерінде бір-біріне қолдау көрсетіп келеді.
Екі ел арасындағы экономикалық байланыстар да өте белсенді. Қазақстан Түркия үшін маңызды сауда серіктесі болса, ал Түркия Қазақстанға инвестиция салуда көшбасшылардың бірі. Түркия компаниялары елімізде құрылыс, энергетика, ауыл шаруашылығы және қызмет көрсету салаларында белсенді жұмыс істейді.
Мәдениет саласында екі ел арасындағы байланыстар терең. Қазақстанда түрік мәдени орталықтары жұмыс істесе, Түркияда қазақ мәдениеті мен тарихын насихаттайтын орталықтар бар. Сонымен қатар, білім беру саласында да бірқатар жобалар жүзеге асырылуда. Қазақстандық студенттер Түркияда білім алып, тәжірибе жинақтауда.
Түркі халықтарының тарихи және мәдени байланыстары да қос мемлекет арасындағы достықтың негізін құрайды. Елімізде түркі әлемінің бірігуін нығайтуға бағытталған жобалар, конференциялар, форумдар жиі өткізіледі.
Түркия мен Қазақстан арасындағы достық стратегиялық деңгейге жетіп, екі ел арасында сенімді әрі ұзақ мерзімді ынтымақтастықты одан әрі нығайту мақсатында әртүрлі салаларда жаңа бастамалар жүзеге асырылуда.